Сабақ
Мақсаты:
- экологиялық пирамидада энергия мен зат алмасуын түсіну
- азықтық тізбек моделін құру
Күтілетін нәтижелер:
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- теориялық білім мен оларды шынайы әлемде қолдану арасындағы алшақтықты жою
- топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру
- алынған ақпаратты талдау және қорытындылау
- өз бетінше логикалық қорытынды жасау және қорытынды жасау
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушыларды топтарға бөліңіз.
Жұмыс парағын жүктеп алыңыз:
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
Теориялық бөлім
Организмдердің арасындағы заттар мен энергия алмасуын азықтық (қоректік) тізбектің көмегімен көрсетуге болады.
Азықтық тізбек – бұл организмдердің реттілігі, мұнда олардың әрқайсысы екіншісін қорек етеді немесе ыдыратады. Азықтық тізбектің әрбір буынын қоректік деңгей деп атайды.

Экологиялық пирамида – экожүйедегі барлық деңгейдегі (өсімдік қоректі, жыртқыштар, жыртқыштармен қоректенетін түрлер) продуценттер мен консументтер арасындағы арақатынастың графикалық бейнеленуі.
Жер бетіндегі энергияның жалғыз көзі – Күн. Автотрофтар (негізінен жасыл шөптер, көкжасыл балдырлар) фотосинтез арқылы Күн энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады. Олар басқа организмдер үшін органикалық заттар көзі болып табылады және гетеротрофтарды: I реттік консументтерді (өсімдікқоректі жануарлар) «қоректендіреді», олар II реттік консументтер (жыртқыштар) үшін азық болады және т.б. Кез келген организм тіршілігін тоқтатқаннан кейін саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің (ыдыратушылар) әрекетінің арқасында ыдырауға ұшырайды.
Дерек көздері:
Жаратылыстану 6 сынып, 2 бөлім, Алматыкітап баспасы, 2019.
Практикалық бөлім
1-тапсырма. Түсініктерге анықтама беріңіз.
- Азықтық тізбек –
- Продуценттер –
- Консументтер –
- Редуценттер –
2-тапсырма. Берілген экологиялық пирамиданы экожүйедегі деңгейлерді толтырыңыз.

3-тапсырма. Екі азықтық тізбек құрыңыз. Олардың барлығы өсімдіктерден (олардың бөліктерінен) немесе өлі органикалық қалдықтардан (детрит) басталуы тиіс. Бірінші жағдайда аралық буын жауынқұрт; екінші жағдайда бөлме шыбыны болады. Барлық азықтық тізбек адаммен аяқталуы тиіс. Тізбектің неғұрлым ұзын нұсқасын ұсыныңыз.
- Бірінші азықтық тізбек:
- Екінші азықтық тізбек:
4 тапсырма. Азықтық тізбек геобордын жасаңыз.
Қадам 1. 50*40 см өлшемде 2 дана картон қиып алыңыз. Оларды терможелім көмегімен бір-біріне желімдеңіз.

Қадам 2. Жабысқақ қағаздан ені 1 см, ұзындықтары 50 см болатын 2 жолақ жәәне 40 см болатын 2 жолақ қиып алыңыз. Картонның жиектеріне жабысқақ қағазды жабыстырып шығыңыз.

Қадам 3. А4 қағазын кішкене бөліктерге бөліп, кесіңіз (8 бөлікке).

Қадам 4. Оқушылар қағаздарға экожүйе элементтерін суретін салуы қажет. Суреттерден бірнеше азықтық тізбек құрастырылуы керек. Суреттер продуценттерді, өсімдікқоректі жануарларды (I реттік консументтер), етқоректі жануарларды (II ретті консументтер) және III ретті консументтерді қамтуы керек. Бояу үшін түрлі-түсті қаламдарды пайдаланыңыз. Сонымен қатар, сілтеме арқылы өтіп дайын тұрған жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін шығарып алсаңыз болады: Экологиялық пирамида.

Қадам 5. Суреттерді картонға кеңселік түйменің көмегімен бекітіңіз.

Қадам 6. Экожүйе элементтерінің арасында азықтық тізбек байланысын құрыңыз және жіптің көмегімен өзара байланыстырыңыз.

Қорытынды
Осы сарамандық жұмыс барысында алынған деректерді талдай отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:
Азықтық тізбектер экожүйеде энергия мен затты тұтынушылардың бір деңгейінен екіншісіне берудің маңызды механизмін білдіреді. Бастапқы өндірушілерден бастап соңғы тұтынушыларға дейін әр деңгей келесі буынның өмірін қамтамасыз етуде өз рөлін атқарады. Энергияны беру процесінде оның мөлшерінің азаюы байқалады, бұл экологиялық пирамиданың құрылымында көрінеді. Азықтық тізбектер мен экологиялық пирамидаларды зерттеу табиғаттағы қатынастар туралы білімді байытып, планетаның денсаулығын сақтау үшін биологиялық әртүрлілік пен экожүйеге мұқият қарау қажеттілігін түсіндік.