№5-лабораториялық жұмыс: «Транспирация үдерісіне әсер етуші ішкі факторлар»
Жұмыстың сипаттамасы:
Бұл тәжірибелік жұмыс өсімдіктердегі транспирация процесін зерттеуге және оның қарқындылығына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Тәжірибе барысында оқушылар өсімдіктердің әртүрлі ішкі параметрлерінің олардың жапырақтарындағы лептесіктер арқылы судың булану жылдамдығына әсерін талдайды.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Заттар тасымалы | Транспирацияға әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар | 9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация процесінің мәнін түсіндіру; 9.1.3.3 Транспирация процесіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды зерттеу |
Қажетті құрал-жабдықтар:
- кобальт хлориді
- дистильденген су
- шыны стақан
- фильтр қағаз
- пинцет
- тығыны бар бөтелке немесе ыдыс
- Петри табақшасы
- қайшы
- заттық шыны - 2 дана
- мөлдір жабысқақ таспа
Жоба контент
Сабақ
Бұл бөліктерге қол жеткізу үшін жоғарыдағы жобаны ашу батырмасын басыңыз
