Ширақ құлыншақ

play-rounded-fill

Ширақ құлыншақ

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қарапайым материалдардан қозғалмалы ойыншық жасауды үйрету.
  • Қол моторикасын және техникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  • Механикалық қозғалыс принциптерін түсініп, практикалық тәжірибе арқылы үйренуге ынталандыру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Құлыншақтың сыртқы көрінісін өз қалауы бойынша сәндеу.
  • Қол моторикасы: Жіптерді түю, моншақтарды байлау, және ұсақ бөлшектермен жұмыс істеу арқылы ұсақ моториканы дамыту.
  • Техникалық ойлау: Қарапайым механизм құру арқылы қозғалысты қамтамасыз ету принциптерін түсіну.
  • Зейін мен шыдамдылық: Бірнеше қадамнан тұратын процесті мұқият орындау.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларға өз қолдарымен механикалық ойыншық жасаудың қызықты және оңай екенін көрсетеді. Жұмыс барысында олар өз идеяларын іске асырып, шығармашылық қабілеттерін ашады. Құлыншақты қозғалту арқылы балалар қозғалыстың механизмдері туралы білім алады, бұл олардың ғылыми түсінігін арттырады. Сонымен қатар, ойыншықты аяқтаған соң, олар өз жетістіктеріне мақтанышпен қарай алады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға құлыншақ туралы қызықты әңгіме айтып беріңіз (мысалы, оның табиғаттағы рөлі мен ерекшеліктері туралы).
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет. Кеңселік пышақты және ыстық желімді тәрбиеші өзі қолдануы керек.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Картон төлкені 10 см және 6 см етіп екіге бөліңіз. 

2-қадам. Түтікшелерді кішкентай бөліктерге бөліңіз. 

3-қадам. 10 см төлкені бас жағынан және төменгі жағынан 2 тесіктен жасаңыз. Төлкенің қарама-қарсы жағына 1 тесіктен жасаңыз. 

4-қадам. 6 см төлкені бас жағынан 1 тесік жасаңыз. Қарама-қарсы жағына 1 тесіктен жасаңыз. 

5-қадам. Жіптерді берілген ұзындықта қиып алыңыз: 25 см — 2 дана, 35 см — 2 дана.

6-қадам. Төлкенің төменгі жағындағы 2 тесікке ұзындығы 25 см болатын жіптерді кіргізіңіз. 

7-қадам. 35 см жіптің біреуін ұзын төлкенің аяқ жағындағы тесікке кірігізіп, төлкенің ішкі жағынан түйіндеңіз. Екінші жіпті 6 см төлкенің екі тесігінен де өткізіп, ұзын төлкенің бас жағына кіргізіп, ұшын түйіндеңіз.

8-қадам. Ұсақ түтікшелерді құлынның аяғы болып шығып тұрған жіптерге кірізіп шығыңыз. 

9-қадам. Аяқтың ұштарына моншақтарды кіргізіп, ұштарын бекітіңіз. 

10-қадам. Құлынның жоғары жағынан шығып тұрған жіптерді ұзынша картонға байлаңыз. 

11-қадам. Жіптен құлынның құйрық жалын істеп, ыстық желіммен желімдеңіз. 

12-қадам. Құлынның көздерін, құлақтарын желімдеп сәндеңіз. 

Құлыншақ дайын! Құлыншақтың жоғары жағындағы картонды қозғап, құлынды қозғалтып ойнай аласыз. 

Қорытынды

Бұл жоба балаларға шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Құлыншақты жасап, олар қозғалыстың қарапайым механизмдерін түсініп, практикалық білімдерін кеңейтеді. Өз қолдарымен жасаған ойыншықпен ойнау балаларға қуаныш сыйлайды және олардың еңбегінің нәтижесін көруге деген ынтасын арттырады.