Спектроскоп

play-rounded-fill

20 Спектроскоп

Жобаның мақсаты:Қарапайым қағаз орамалдың орамынан спектроскоп жасап, кемпірқосақ түсстерін көре алады

Құндылық: Қарапайым материалдардан үй спектроскопын жасап оны әртүрлі жарық көздерінің спектрін зерттейтін болады. Жасап болған соң сіз кемпірқосақтың барлық түрлерін көреді. Балаларға арналған бұл ғылыми жобаны табиғатта серуендегенде қолданса болады

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиеленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Жарықпен тәжірибе жасау әрқашан қызықты, әсіресе кемпірқосаққа қатысты! Бұл ғылыми жобада балалар өздерінің спектроскобын жасайды. Бұл жарықты кемпірқосақтың әртүрлі түстері ретінде көретін  құрал

Тәжірибелік бөлім

1-қадам Егер сіз қағаз сүлгі орамасын бояйтын болсаңыз, алдымен оны бояп алып,  оны құрғатыңыз. (Бұл қадам міндетті емес) Мен қызғылтсары түске боядым

2-қадам  Пышақпен (мұны ересек адам жасауы керек) картон түтіктің түбіне 45° бұрышпен жұқа кесу жасаңыз.

 3-қадам.Саңылауға тікелей қарама-қарсы пышақпен кішкене көз немесе көру тесігін жасаңыз (ересек адам үшін тағы бір қадам).

4-қадам Қағаз сүлгі орамының ортасындағы шеңберін өлшеп алыңыз. Кесілген картон шеңберінің дәл ортасына жарық түсетіндей қиып алаңыз.

5-қадам Кесілген шеңберді картонды  таспамен не болмаса қағаз скотчпен қағаз сүлгінің орамына жоғарғы жағына бекітіңіз.

6-қадам Дискіні жылтыр жағын жоғары қаратып 45° ұяға салыңыз.

CD дискінің беті айна болғандықтан, жарық көзге шағылысады.

Енді спектроскопты шам жарығы сияқты басқа жарық көздерімен қолданып көріңіз. Көргеніңізді салыстырыңыз!