Спортсмен қоян
09. Спортсмен қоян
Жобаның мақсаты: Балаларға қарапайым қағаз стақан мен бөтелке қақпағының көмегімен ойыншық жасауды үйрету. Қозғалмалы қоян жобасын жасау арқылы олардың зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, командалық жұмыстың маңызын түсіндіру.
Құндылық: Өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға және идеялармен бөлісуге ынталандыру. Жобаның әр кезеңінде шыдамдылық пен табандылықты тәрбиелеу. Жұмыс аяқталғаннан кейін, балалардың жобалары туралы пікір алмасу, әрқайсысының еңбегін бағалау.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
Steam жобасындағы қауіпсіздік техникасы
жобаны бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Барлық қажетті заттарды дайындап алу. Қағаз стақанды маркермен көздерін, аузын, тұмсығын салу. Бөтелке қақпағын скотчпен орау. Түрлі түсті қағаздан құлақтарды қиып, қоянның басына жапсыру. Концелярлық резинканы қолданып, қақпақ пен денені біріктіріп, қозғалуды қамтамасыз ету. Қоянды қосымша элементтермен безендіру
Тәжірибелік бөлім
1 қадам. Сәлем, бүгін сізбен спортсмен қоян жасайтын боламыз. Саған бұл жобаны жасаған ұнайды деп ойлаймын. Олай болса қоянымызды жасауды бастайық.
Әуелі қоян жасауға қажетті заттардың түгел екендігіне көз жеткізейік.
Бізге ең әуелі қағаз стақан және екі түсті маркер қажет болады.

2 қадам. Маркердің көмегімен қоянның көздерін, аузын, мұрнын салып алайық

3 қадам: Әрі қарай бізге екі түсті қағаз керек болады. Өздеріңіз көріп тұрғандай мен күлгін түс пен ақ түсті қағазды таңдадым. Стақанның өлшеміне сай келетіндей етіп, екі құлақтың суретін ақ қағазға жәй қаламмен салып алыңыз. Ақ қағазға салған құлақтан бір см кіші етіп екінші қағазға құлақтың суретін салыңыз. Енді салған суретіңізді қайшымен қиып, әр түрлі өлшемдегі екі түсті құлақты бір-біріне жапсырыңыз. Дайын болған екі құлақты суретте көрсетілгендей стақанға бекітіңіз.

4 қадам: Енді бізге қайшы қажет болады. Стақанның екі жанын (екі бүйірін) шамамен биіктігін 1 см енін 1,5 см етіп қиып алыңыз да қиылған бөлігін жоғары қаратыңыз. Үлгіге көрсетілгендей жасаңыз

5 қадам: Бізге енді екі бөтелке қақпағы және скотч, резенке қажет болады. Бөтелкенің екі қақпағының бұралатын жерін бір біріне қаратып, резенкені екі шетіне қойын скотчпен ораңыз. Резеңке суреттегіде шығып тұруы қажет.

6 қадам: Стақанды жатқығып, екі жағында жоғары көтеріліп тұраған бөлігіне оралған қақпақта шығып тұрған резеңкені салып стотчпен бекітіп қойыңыз. Екінші жағында тура солай жасаңыз.

7 қадам: Қоянымыз жүгіруге дайын. Олай болса стақанның астындағы қақпақты бірнеше рет бұрап биіктен төмен қарай жіберіп көрейік, қоянның қалай жүгіретінін көресіз. Барлық балалардың жасаған қояндар арасынан жатыстыр ұйымдастыруға болады.

Қорытынды:
Жоба жасау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жұмыс жасаудың қызықты әрі пайдалы екенін түсінеді. Ойыншықты тек дүкеннен емес қолдан да жасап алуға болатынын біледі