Су бұрқақ

play-rounded-fill

06. Су бұрқақ

Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбы : Табиғаттағы су 

Жобаның мақсаты Қарапайым заттармен ауа қысымын пайдалана отырып,   су бұрқақ жасап көрсету

Құндылық Қарапайым заттарды қайта пайдаланудың жолын көрсету, айналада күрделі болып көрінетін қызықты заттарды, бала деңгейіне сай етіп түсіндіру арқылы балалардың қызығушылықтарын, зерттеуге деген ынтасын оятамыз.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
жобаны  бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз       Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім 

Судың қасиеттерінің бірі белгілі бір қалыпта тұрмайтындығы. Оны керекті бағытқа бұрып, тиісті қалыпта ұстау үшін арнайы құралдар керек. Судан бұрқақ жасап, жан жаққа шашырату үшін күнделікті заттарды пайдалануға болады. Оларды керек қалыпта құрастырып, ауаның қысымын бағыттау арқылы жан-жаққа, жоғарыға қарай атқылайтын бұрқақ жасаймыз.

Тәжірибелік бөлім

Керек заттар: Пластик бөтелке, шар, біз, су

 1-қадам Алдымен шарды бөтелкеге салып, аузын бөтелкенің аузына кигіземіз.

 2-қадам Пластик бөтелкенің түбінен үлкендеу тесік жасаймыз. [Ескерту, қауіпсіздік үшін тесу, кесу жұмыстарын ересектердің жасағаны дұрыс]

3-қадам   Қақпағын біз арқылы көп қылып тесеміз.

 4-қадам Шарға су құямыз.

 5-қадам Бөтелкенің астындағы тесікті бекітіп тұрып, қақпағын жабамыз.

 6-қадам Бөтелкедегі тесікті ашқанда қақпақтағы ұсақ тесіктерден судың атқылағанын тамашалаймыз.

Қорытынды

Бөтелкеге үлкен тесіктен кірген ауаның қысымы шардағы суды сыртқа итереді. Нәтижеде бұрқақ пайда болады. Қолда бар қарапайым заттар арқылы өте қызық тәжірибе жасап, балалардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, оларға қуаныш сыйлаймыз. Ең бастысы, күрделі механизмнен тұратын су бұрқақтары мен судың қасиеттерін бала деңгейінде түсіндіру мүмкіндігі туады.