Түлкі мен балықтар
Түлкі мен балықтар
Жобаның мақсаты:
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қағаз және қарапайым материалдар арқылы көркем композиция жасауға үйрету.
- Ұсақ моторика мен техникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
- Табиғатқа қызығушылықты арттыру, жануарлар мен су әлеміне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Шығармашылық: Балаларға балықтар мен аквариумды өз қалауы бойынша сәндеуге мүмкіндік беру.
- Қол моторикасы: Қайшыны, желімді және ұсақ бөлшектерді қолдану арқылы қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
- Техникалық ойлау: Қозғалысты қамтамасыз ететін таяқша мен фигуралардың конструкциясын түсіну және жасау.
- Кеңістіктік ойлау: Балықтар мен түлкінің бөліктерін дұрыс орналастыру, олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету.
- Қоршаған ортаға қызығушылық: Табиғаттың әсемдігі мен жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларға шығармашылық және техникалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Олар аквариумдағы балықтардың қозғалысын бақылай отырып, табиғаттың динамикасын және қозғалыс механизмдерін түсінеді. Жұмыс барысында балалар жауапкершілік, ұқыптылық және қиял қабілеттерін жетілдіреді. Жобаны жасау кезінде балалардың эстетикалық талғамы қалыптасады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға түлкі және олардың не жейтіні туралы қысқаша ақпарат беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Ақ картон қағазға диаметрі 21 см болатын шеңбер сызып, қиып алыңыз.

2-қадам. Көк түсті қағазға диаметрі 19 см болатын шеңбер сызыңыз. Шеңбердің бір жақ бөлігіне толқындар салыңыз. Жартылай шеңберді қиып алыңыз.


3-қадам. Берілген түлкінің басы мен табандарын шығарыңыз және қиыңыз. Сілтеме

4-қадам. Сары, жасыл, қызғылт қағаздардан 6*2 см болатын төртбұрыштар қиыңыз.

5-қадам. Балықтың құйрықтарын салып, қиыңыз.

6-қадам. Ақ шеңберге көк түсті жартылай шеңберді желімдеңіз. Бұл сізде аквариум құтысын білдіреді.

7-қадам. Аквариумның бетіне қағаз төртбұрыштардың ортасынан бүктеп желімдеңіз. Балықтың құйрықтарын да желімдеңіз.


8-қадам. Балықтың көздерін желімдеңіз. Қара түсті фломастермен балықтардың қанаттарының суретін салыңыз.


9-қадам. Түлкінің басын ағаш таяқшаға желімдеңіз.

10-қадам. Түлкінің табандарын аквариумның жоғары жағына желімдеңіз. Басын таяқша арқылы аквариумға кіргізіңіз.


Дайын! Таяқшаны қозғай отырып, аквариумдағы балықтарға қарап тұрған түлкіні бақылайсыз.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға түлкінің қызықты бейнесін жасап, оны аквариуммен біріктіру арқылы шығармашылық пен техникалық дағдыларды үйретеді. Түлкіні қозғалту процесі балаларға ерекше қуаныш сыйлап, оларды өз еңбегінің нәтижесін көруге ынталандырады. Сонымен қатар, бұл жоба табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оны қорғау қажеттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.