Түрлі 3D әлемдеріңді құрастыр
Жоба мақсаты
– Жануарлар кластарын ажырата білу;
– Су асты әлемінің моделін жасап онымен танысу.
Тәрбиешіге нұсқаулық
– Топтық жұмыс, балаларды топтарға бөліңіз;
– Әр қабаттың арасына қалың картон салу арқылы көлемді сурет құрастырыңыздар.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім

Фото: Francesco Ungaro: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/3361052/
Біздің планетамызды мекендейтін жануарларды 6 негізгі класқа бөліп қарастырады. Омыртқалы жануарлардың бес танымал класы (омыртқалы жануарлар) бұл – балықтар, құстар, сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділер. Алтыншы класс – омыртқасыздар (омыртқасыз жануарлар).
Осылардың ішінде біз бүгінгі сабақта балықтар класын толығырақ қарастыратын боламыз. Балықтар – негізінен суда өмір сүруге бейімделген жануарлар. Балықтардың терісі сыртынан қабаршақтармен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады. Жүзбеқанаттары мен құйрықтары арқылы жүзеді. Балықтар тұзды суда (мұхиттарда) немесе тұщы суда (өзен-көлдерде) тіршілік етеді.
Қолданылған әдебиеттер және қосымша ақпарат:
https://kk.feelingsandflowers.com/types-animals-classes
https://www.7gy.ru/shkola/okruzhajuschii-mir/1162-delenie-zhivotnykh-na-gruppy-tipy-klassy-otryady-rody-i-vidy.html
Практикалық бөлім

Қадам 1. Керекті құрал-жабдықтарды дайындап аламыз.

Қадам 2. Қолөнер қағазының қара, көк, ақ түстерін таңдаңыз. А4 форматты қағаздарды ортасынан екіше бөліңіз.


Қадам 3. Таңдалған түсті қағаздардағы қабат пен фонды таңдаңыз. Қара түстісін ең артына қалдырыңыз. Жоғарғы қабаттарын ортаңғы бөліктерін қайшымен кесіп алыңыз. Екі көк қабатты біреуінің ортасын екіншісінен үлкендеу етіп кесіп алыңыз. Ақ түсті қабатты ең үстіне, ортасын үлкен етіп кесіп алыңыз.


Қадам 4. 3D кескінін жасау үшін біз қабаттардың арасына картоннан рамка жасап саламыз. Картонды кесіп алып желіммен әр қабаттың арасына жабыстырп шығыңыз.

Қадам 5. Нәтижесінде суреттегідей әр қабаттың арасы ашық болуы керек.

Қадам 6. Су астындағы өсімдіктер, балықтар және т.б. тіршілік иелерінің суретін салып қайшымен кесіңіз. Өзіңіздің қиялыңызға ерік беріңіз.

Қадам 7. Қағаз өсімдіктерін су қабаттарының арасына жабыстырыңыз. Қағаз балықтарын қабаттарға салыңыз, сонда сізде Мұхит тақырыбында қызықты қағаз қолөнері дайын болады.