Тұзбен сурет саламын
Тұзбен сурет саламын
Жобаның мақсаты:
Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін, қол икемділігін және қиялын дамытуға бағытталған. Балалар тұз, желім және бояуды қолданып, ерекше құрылымды ай мен жұлдыздар бейнесін жасап, түнгі аспан әлемін бейнелейді.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Ұсақ моторика: Қылқаламды қолдану, тұзды себу және суретке бояу жағу арқылы балалардың қол бұлшықеттері дамиды.
- Шығармашылық ойлау: Балалар ай мен жұлдыздардың түрлі түстерін таңдап, бейнелеу арқылы қиялын дамытады.
- Эстетикалық қабылдау: Бояулар мен тұздың үйлесімін қолдану арқылы ерекше текстураны көру және сезіну.
- Эксперимент жүргізу: Балалар тұздың бояумен қалай әрекеттесетінін бақылап, нәтижесін зерттейді.
Жобаның құндылығы:
- Табиғатқа қызығушылық: Балалар түнгі аспан құбылыстарымен танысып, табиғат сұлулығын зерттейді.
- Эстетикалық талғам: Әдемі және ерекше бейнелер жасау арқылы балалар өнерге деген қызығушылығын дамытады.
- Танымдық қабілеттер: Жобаны орындау барысында балалар бояудың тұзбен әрекеттесуін және олардың нәтижесін зерттейді.
- Эмоционалды қанағаттану: Өз қолымен жасалған түнгі аспан бейнесін көріп, балалар мақтаныш сезімін сезінеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға түнгі аспан, ай және жұлдыздар туралы қызықты қысқаша әңгіме өткізіңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. А4 қағазға ай мен жұлдыздардың суретін салыңыз.

2-қадам. Суреттің үстіне пва желім жағып шығыңыз.

3-қадам. Желімнің үстіне тұз сеуіп шығыңыз.

4-қадам. Тұздың артық бөлігін суреттен қағып алып тастаңыз.

5-қадам. Суретті гуашпен (акверельмен) бояңыз. Шығармашылыққа ерік беріп ай мен жұлдыздарды қалаған түске бояңыз.

Дайын! Ай мен жұлдыздарға толы аспан әлемі дайын.

Қорытынды
Бұл жоба балаларға шығармашылық қабілеттерін арттырып, өнер мен экспериментке қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. Олар өз қолымен ерекше текстуралы түнгі аспан бейнесін жасап, табиғаттың сұлулығын таниды. Сонымен қатар, бұл жоба балалардың ұсақ моторикасын жетілдіріп, сенімділігін арттырады және эмоциялық қанағаттану сезімін сыйлайды.