Велосипед
35 Велосипед
Жобаның мақсаты: Балаларға қарапайым құралдар мен материалдарды пайдалана отырып, шағын велосипед моделін жасауды үйрету. Жоба балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, ұсақ мотрикасын дамытады. Сонымен қатар, бұл жоба физика, инженерия және дизайн негіздерімен танысуға мүмкіндік береді.
Құндылық: Бұл жоба шығармашылық қабілеттерді дамытады. Қарапайым материалдарды пайдаланып, ерекше заттарды жасауды үйренеді. Жоба арқылы қолөнер дағдылары дамып, құралдарды тиімді пайдалануды үйренеді.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз
Теориялық бөлім
Велосипед – бұл екі дөңгелегі бар және адамды жылжытуға арналған көлік құралы. Оның негізгі элементтері: дөңгелектер, шынжыр, руль, отыратын орын. Велосипед моделін жасауда қолданылатын материалдар мен құралдар арқылы балалардың қарапайым конструкциялармен танысады, оларды біріктіру принциптерін үйренеді. Модельдік велосипед жасауда қолданылған түтікшелер – велосипедтің жалпы бөлігі мен рөлін жасау үшін қолданылатын конструкциялық элементтер болып табылады. 2 дана қағаз стаканының түп жағын кесіп алып, олардан велосипедтің дөңгелектеріне пайдаланатын боламыз..
Тәжірибелік бөлім
Велосипед жобасының жасалу жолы
1-қадам: Велосипедті жасауды бастау үшін ең әуелі бізге екі дана қағаз стаканды дайындап аламыз

2-қадам: екі дана стаканның түбін сызғышпен 0,5 см өлшеп, жәй қаламмен сызып алыңыз

3-қадам: Қарындашпен сызылған сызықты кеңсе пышағымен кесіп алыңыз (қауіпсіздік ережесін сақтаңыз)

4-қадам: Дөңгелектердің тура ортасын тескішпен тесіп алыңыз. Тескен жерден түтікше өтетіндей етіп кеңейтіңіз


5-қадам: Түтікшені 1,5 см қиып алып, екі дөңгелектің тесігіне орнатыңыз


6-қадам: Дөңгелектерге маркермен үлгіде көрсетілгендей сызып шығыңыз. Бұл дөңгелектердің спицылары болды. Екі дөңгелекте орналасқан түтікшенің ішіне бір дана тіс шұқығышты екіге бөліп, екі түтікшенің ішіне салыңыз. Велосипедіміздің дөңгелектері дайын.




7-қадам: Бір түтікшенден 2 см қиып алыптастаңыз. Қиылған түтікшені алып тең ортасынан екіге бүктеп, дөңгелектегі тіс шұқығышқа тесіп орнатыңыз. Үлгіде көрсетілгендей жасаңыз


8-қадам: Екінші түтікшені екіге бүктеп, екінші дөңгелектегі тіс шұқығышқа бекітіңіз. Екінші түтікше бірінші түтікшеден ұзын болу керек


9-қадам: Ұзын бүктелген түтікшені қысқа бүктелген түтікшенің арасына кіргізіп ыстық желіммен бекітіңіз. Ыстық желімі қолданғанда қауіпсізік ережесін сақтаңыз


10-қадам:үшінші түтікшені 2-2,5 см қиып алып, бір бөлігін алып екі түтікшенің бекітілген жерінің үстінгі жағына бекітіңіз. Екінші бөлігін алып, ішке қарай бүктеңіз.Түтікшенің жиырылған жерін қолдансаңыз жақсы майысады. Әрі қарай бекітлген кіші түтікшенің үстіне майысқан түтікшені жапсырыңыз. Үлгіде көрсетілгендей жасаңыз. Бұл велосипедтің рөлі болады


11-қадам: Түтікшені 1-1,5см қиып алып, ұзын бүктелген түтікшенінің арасына қиылған түтікшені ыстық желіммен бекітіңіз. 1,5-2см түкішені қиып алып, бүктелген түтікшенің арасына бекітілген түтікшенің үстіне орнатыңыз. Оның үстіңгі жағына сомоклейкадан отырғыштың суретін қиып алып түтікшенің үстіңгі жағына жапсырыңыз. Бұл велосипедтің отырғышы болады. Міне біздің велосидепіміз дайын.

Қорытынды:
Осы жоба арқылы жасалған велосипед моделі балаларға техникалық жобалаудың негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді. Қарапайым, бірақ қызықты және тиімді құрастыру әдісі балалардың зейінін арттырып, механикалық қозғалыстың принциптері туралы алғашқы түсініктерін қалыптасады. Бұл жоба балаларға шығармашылық және техникалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ инженерлік ойлау қабілетін арттыруға ықпал етеді.