experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым

Жоба контент

3сынып4тоқсан

Стетоскоп және рация

Бұл жобада оқушылар дыбыс көлемінің дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыштың арасындағы қашықтыққа тәуелділігін зерттейді. Осының негізінде оқушылар жүректің дыбысын тыңдайтын стетоскопты жасайды, ол арқылы олар жүрек соғысын тыңдап зерттейді. Сондай-ақ пластикалық стақандардан рация жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.3-Дыбыс 3.5.3.1 дыбыстың дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтықтан тәуелділігін түсіндіру

Стетоскоп және рация Read More »

Шағын-Суэлектрстанциясы (СЭС)

Бұл жобада оқушылар электр энергиясының көздерімен танысады. Қазақстан Республикасынның ірі суэлектр станцияларымен танысады. Сонымен қатар, қажетті материалдарды қолдана отырып, СЭС макетін өздігінен жасап шығарады және оның жұмыс істеу принципімен зерттейді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.5-электр тоғы 3.5.5.1 электр энергиясының көздерін анықтау;3.5.5.2 қарапайым электр тізбегін жинау3.5.5.3 қарапайым электр тізбектерін олардың элементтерін көрсете отырып, схемалар түрінде ұсыну

Шағын-Суэлектрстанциясы (СЭС) Read More »

Лабиринт ойыны

Бұл жобада оқушылар қарапайым материалдар мен магниттердің қасиеттерін қолдана отырып, лабиринт ойынын жасайды. Бұл жоба магнетизмді зерттеудің қызықты тәсілі. Оқушылар магнетизмнің қалай жұмыс істейтінін және неге магниттер тек белгілі бір материалдарды тартатынын зерттейді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.6 Магнетизм 3.5.6.1 магнит көмегімен түрлі металдардың магниттелуін зерттеу

Лабиринт ойыны Read More »

Сөз шифрлаушы

Курс туралы 21 ғасырда ақпарат беру өзекті болды. Компьютерлер, телефондар және әртүрлі әлеуметтік желілер пайда болды. Ал ежелгі дәуірде, патша Цезарь әлі өмір сүрген кезде, соғыс кезінде хабарлама қалай жіберген деп ойлайсыздар? Әрине, шифрлау арқылы. Бұл жобада студенттер ақпарат берудің әртүрлі жолдарын біледі, сонымен қатар сөз шифрлаушысын жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.1 Компьютерлік желілер арқылы ақпарат алмасу 3.1 ақпарат алмасу үшін желіні пайдалану

Сөз шифрлаушы Read More »

Компьютер тілі

Курс туралы Бұл жоба оқушылардың компьютерлер қалай жұмыс істейтіні туралы негізгі білімдерін дамытуға арналған. Бірінші сабақта оқушылар компьютер тілінде сандарды жазуды үйренеді (екілік санау жүйесі арқылы). Жобаның екінші бөлімі компьютер тілінде жазылған оқушының туған күні мен айын табу ойынынан тұрады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.2 Сандарға қолданылатын амалдар 3.1.2.15 жеке сандардың бірінде нөл болған жағдайда үш таңбалы сандарды бөлуді орындау

Компьютер тілі Read More »