2 апта

2-ші кезең.

1. Әр топ студенттеріне А4 қағазынан екі парақ беріңіз. Оқушыларға қарындашпен парақтарға шеңберлер салуды ұсыныңыз. Шеңберлер A4 парағының бүкіл еніне сызылуы керек.

2. Алынған шеңберлерді кесу қажет.

3. Төмендегі суретте көрсетілгендей бөліктерді бір-біріне қағаз желімімен жабыстырыңыз (сіз жиындардың қиылысуының суретін алуыңыз керек)*

4. Бірінші шеңбердің астында орналасқан екінші шеңбердің шеттерін қарындашпен белгілеңіз.*

5. Сол жақ шеңберге «Жер» сөзін, оң жақ шеңберге «Су» сөзін жазыңыз*

6. Бөлшектерді қарындашпен бояңыз. Бөлшектің сол және оң жағын сәйкесінше қоңыр және көк түске бояу үшін түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланыңыз. Бөлшектің ортасын түссіз қалдырыңыз*

*бұл әрекеттерді оқушылар орындауы керек

7. Оқушыларға келесіні айтыңыз:

Өздерің салған жануарларды қандай бөлікке қоюға болатынын ойланыңдар.

Келесі кезеңде оқушылар салынған жануарларды қағаз желімін қолданып тиісті бөлікке желімдеу керек:

  • жер жағында, егер жануар құрлықта өмір сүрсе
  • су жығында, егер жануар су астында өмір сүрсе
  • ортасында, егер жануар құрлықта және су астында еркін қозғала алса

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар құрлық және су жануарлары туралы білді. Сонымен қатар оқушылар заттарды топқа бөлуді үйренді.