experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым

7 сынып

Ақылды гараж жүйесі

Бұл жобада оқушылар ақылды үйдің бөлігі болатын ақылды гараж жүйесін құрастыратын болады. Гаражда қашықтан басқарылатын ақылды қақпа және қозғалыс датчигі бар жарықтандыру жүйесі болады. Ол үшін оқушылар Ардуиноны қолданады.

Ақылды гараж жүйесі Read More »

Ымдау тілі

Бұл жобада оқушылар мүмкіндіктері шектеулі жандардың ымдау тілімен, ерекшеліктерімен танысады. Дактилді әліппені қолданып ымдау тілінде сөйлеп үйренеді. Scratch бағдарламасында ойын жасау арқылы дактилді әліппені есте сақтайтын болады.

Ымдау тілі Read More »

Зертханалық жұмыс № 3 “Сұйықтықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау”

Бұл зертханалық жұмыста оқушылар әртүрлі  көлемдегі денелермен  танысады. Олар тығыздықтың не екенін біледі және заттың тығыздығын олардың көлемі мен салмағының көмегімен анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқыту мақсаттары Тығыздық Өлшеу және есептеу дәлдігі үлкен және кіші сандарды жазу.Заттың тығыздығы және тығыздықты өлшеу бірліктері.Зертханалық жұмыс №3 “Сұйықтықтар мен қатты заттардың тығыздығын анықтау “ 7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.2.14 Сұйықтықтар мен қатты заттардың тығыздығын эксперименталды түрде анықтау; 7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын білу және сақтау

Зертханалық жұмыс № 3 “Сұйықтықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау” Read More »

Бүйрек моделі және Гемодиализ

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада оқушылар адам ағзасының макетін жасайды, атап айтқанда:– бүйректің, қанайналым жүйесінің және зәр шыгару жүйесінің жұмыс моделі;– сондай-ақ, бүйрек функциясымен, бүйректің созылмалы ауруларымен байланысты мүмкін проблемаларды талдайды;– бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты аурудың шешу жолы ретінде жасанды бүйрек аппаратын, басқаша айтқанда гемодиализге арналған аппаратты жасайды.

Бүйрек моделі және Гемодиализ Read More »

Бағдаршам

Жоба туралы ақпарат Бағдаршам (орыс. жарық және грек. φορός — “тасымалдаушы”) — жарық беретін оптикалық құрылғы. Бағдаршам механикалық көлік құралдарының, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткеліндегі жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының, теміржол және метрополитен пойыздарының, өзен және теңіз кемелерінің, трамвайлардың, троллейбустардың, автобустардың және өзге де көліктің қозғалысын реттеуге арналған. ТМД елдерінде бағдаршам қаланың муниципалды меншігі болып табылады.

Бағдаршам Read More »

Банк қызметтері: депозит және несие

Жоба туралы ақпарат Бұл жобада оқушылар банк қызмет түрлері: депозит және несиемен танысады. Депозиттің есептеу формуласы арқылы табысты есептеп үйренеді. Несие төлем түрлерін есептеу арқылы өзара артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, тиімдісін таңдауды үйренеді.

Банк қызметтері: депозит және несие Read More »

Тұрмыстық химияның адамға және айналаға әсері

Жоба туралы ақпарат Қазіргі таңда үй шаруасында тұрмыстық химиялық заттарсыз өмірді елестету қиын. Адам күнделікті тұрмыстық химия әсеріне ұшырайтындықтан оның адам ағзасына және қоршаған ортаға тигізетін зияндарын білуі керек. Оқушылар бұл жобада тұрмыстық химияға түрлі тәжірибелер жасау арқылы зерттеу жүргізеді.

Тұрмыстық химияның адамға және айналаға әсері Read More »

Күн коллекторының моделі

Жоба туралы ақпарат Күн арқылы жылыту технологиясы тегін және сарқылмайтын энергия көзін пайдаланады. Дәстүрлі, қолданыстағы энергияны қолдануға қарағанда құны арзан болады. Күн жылыту жүйелері ауаны жылыту үшін тікелей күн сәулесінің жылу энергиясын сіңіреді, содан кейін бұл қыздырылған ауа жылуды қамтамасыз ету үшін ғимараттар арқылы айнала алады.

Күн коллекторының моделі Read More »

Зертханалық жұмыс № 2 “Физикалық шамаларды өлшеу”

Бұл зертханалық жұмыста оқушылар өлшеулерді дұрыс жүргізу үшін аспап шкаласындағы бір бөліктің құнын таба білуді,   өлшеуіш цилиндрдің  көмегімен тек сұйықтардың ғана емес, басқа да кішігірім денелердің  және пішіні дұрыс емес  денелердің көлемдерін табуды үйренеді. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқыту мақсаттары Физикалық шамалар мен өлшемдер Өлшеу және есептеу дәлдігі үлкен және кіші сандарды жазуЗертханалық жұмыс №2 “Физикалық шамаларды өлшеу” 7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасы мен уақытын өлшеу, қатені ескере отырып өлшеу нәтижелерін жазу

Зертханалық жұмыс № 2 “Физикалық шамаларды өлшеу” Read More »