Қол тазалығы
Бұл жоба оқушылардың жеке гигиена мен қол тазалығының маңыздылығын түсінуіне көмектеседі. Оқушылар көзге көрінбейтін микробтардың қолда қалай сақталатынын, олардың таралу жолдарын және қол жуу арқылы қалай азайтуға болатынын тәжірибе арқылы бақылайды. Жоба денсаулық сақтау (биология), бақылау жасау (ғылым), эксперимент (инженерия), санау және салыстыру (математика) элементтерін біріктіре отырып STEAM әдісін қолданады. Бөлім: Сау денеде – сау ақыл Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік 1.1.4.1 Жеке гигиенаны сақтау маңыздылығын түсіндіру.