experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым
Бастау

Жоба контент

4 сынып

Қоректік тізбек \ Матрешка

Бұл жобада оқушылар қоректік тізбегінің құрылымын зерттеп, түсіндіреді. Сонымен қатар, алынған білім негізінде белгілі бір тіршілік ету ортасында қоректік тізбегінің бірнеше моделі жасалады. Матрешка ойыншығының жүйесін пайдалана отырып өздігінен қоректік тізбек жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.2 Жануарлар 4.2.2.1 өз жеріндегі жануарларды жіктеу 4.2.2.2 4.2.1.2 тіршілік циклын сипаттау 4.2.2.3 шөп қоректі және жыртқыш жануарларды ажырату4.2.2.4 симбиотикалық қатынастарға мысалдар келтіру4.2.2.5 қоректік тізбек құрылымын түсіндіру4.2.2.6 белгілі бір тіршілік ету ортасында қоректік тізбектерінің модельдерін құру

Қоректік тізбек \ Матрешка Read More »

Ваннаға арналған бомбалар

Бұл жобада оқушылар ваннаға арналған бомбаларының құрамын зерттейді. Сонымен қатар, оқушылар ваннаға арналған бомбалардың құрамына кіретін заттардың қасиеттерін анықтайды. Олар ваннаға арналған өз бомбасын рецепт бойынша жасайды және оны сынайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 4.3 Заттардың түрлері 4.3.1.2 жасалған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу

Ваннаға арналған бомбалар Read More »

Әткеншек

Бұл жобада оқушылар ауаның кеңістіктік қасиеттері мен жылу өткізгіштігін зерттейді. Осылайша, ауа өткізгіштігі туралы алынған білім мен зерттеулерге сүйене отырып, шамның есебінен жұмыс істейтін әткеншек жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.2 Ауа 2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі); біздің планетамыз үшін ауаның мәнін түсіндіру2.3.2.3 ауаның кеңістіктік қасиеттері мен жылу өткізгіштігін зерттеу

Әткеншек Read More »

Көлеңке театры

Бұл жобада оқушылар көлеңке театрын өз қолдарымен жасайды, және өз ойларынан қойылым ойлап тауып, көрініс көрсетеді Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.2 Жарық 4.5.2.1 көлеңке кедергінің көлеміне және көзден кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;4.5.2.2 жарықтың шағылысу және жұтылу сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру

Көлеңке театры Read More »

Термоқорап & Lunch-box

Бұл жобада оқушылар жылу / жылу өткізгіштік / жылу оқшаулағыш материалдар сияқты терминдермен танысады. Әр түрлі материалдардың жылу өткізгіштігін зерттейді. Осының негізінде, оқушылар температураны сақтайтын Термоқорап & Lunch-box жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.4 Жылу 4.5.4.1 әртүрлі материалдардың жылу өткізгіштігін зерттеу

Термоқорап & Lunch-box Read More »

Сазбалшықтан жасалған жинақ сандықша

Бұл жобада оқушылар пайдалы қазбалар жайлы және олардың қолдану аймағымен танысады. Сондай-ақ, эксперимент барысында, пайдалы қазбалардың кейбір қасиеттерін өздігінен анықтайды. Сазбалшықты қолдана отырып, қазақтың ұлттық элементерімен, қазақ үй пішінді “жинақ сандықшасын” жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.4 Табиғи ресурстар 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әк, саз, мұнай, гранит, көмір)қолданылу саласын анықтау4.3.4.2 картада Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларының кен орындарын көрсету4.3.4.3 пайдалы қазбаларды сақтау және ұқыпты пайдалану жолдарын ұсыну

Сазбалшықтан жасалған жинақ сандықша Read More »

Жанартау

Бұл жобада оқушылар жер бетінің үлкен элементтерін зерттейді. Жанартау атқылауының себебін зерттеңіз. Жанартау мен оның атқылауының демонстрациялық моделін жасаңыз. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 4.1 жер. Жер бетінің элементтері 4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау

Жанартау Read More »

3D голограммасы

Бұл жобада оқушылар қарапайым материалдардан 3D голограммасын жасап оны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді. Сонымен қатар Paint бағдарламасы арқылы өздері қалаған суреттің 3D голограммасын қалай шығаруға болатынын үйренеді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.1 Компьютерлік желілер арқылы ақпарат алмасу 4.3.1.2 Тапсырманы шешу үшін интернет қызметтерін пайдаланыңыз

3D голограммасы Read More »

Қазақтың ұлттық аспабы сыбызғы

Бұл жобада оқушылар дыбыстың шығуы және дыбыстағы кедергілерді түсіну үшін қазақтың ұлттық аспабының өзіндік ерекше түптұлғасын жасап көреді. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.3 Дыбыс 4.5.3.1 белгілі бір кедергілердің дыбыс деңгейі мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру

Қазақтың ұлттық аспабы сыбызғы Read More »