experimentum.kz

Ағымдағы күй
Тіркелмеген
Баға
Жазылым
Бастау

Жоба контент

4сынып2тоқсан

Ваннаға арналған бомбалар

Бұл жобада оқушылар ваннаға арналған бомбаларының құрамын зерттейді. Сонымен қатар, оқушылар ваннаға арналған бомбалардың құрамына кіретін заттардың қасиеттерін анықтайды. Олар ваннаға арналған өз бомбасын рецепт бойынша жасайды және оны сынайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 4.3 Заттардың түрлері 4.3.1.2 жасалған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу

Ваннаға арналған бомбалар Read More »

Әткеншек

Бұл жобада оқушылар ауаның кеңістіктік қасиеттері мен жылу өткізгіштігін зерттейді. Осылайша, ауа өткізгіштігі туралы алынған білім мен зерттеулерге сүйене отырып, шамның есебінен жұмыс істейтін әткеншек жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 3.2 Ауа 2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі); біздің планетамыз үшін ауаның мәнін түсіндіру2.3.2.3 ауаның кеңістіктік қасиеттері мен жылу өткізгіштігін зерттеу

Әткеншек Read More »

Телефон арқылы қалай анимациялық фильм жасауға болады?

Бұл жобада оқушылар өз телефондарында кадрлық анимация жасайды. Олар кадрлық анимацияны құру техникасын үйренеді және өз ойынан хикая құрастырып анимация түрінде корсете алады. Кадрлық анимация – оқушыларды кино түсіру әлемімен таныстырудың тамаша тәсілі.

Телефон арқылы қалай анимациялық фильм жасауға болады? Read More »

Бұрыштардың түрлері

Курс туралы Бұл жобада оқушылар бұрыш түрлерінің математикалық моделін құрады. Жоба топта жұмыс істеуге арналған, бұл оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобада оқушылар макетті жасау үшін геометриядан алған білімдерін пайдаланады. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 1.2 сандармен операцияларды орындау 4.1.2.10 * * көп таңбалы сандарды қалдықпен екі таңбалы санға бөлуді орындау;

Бұрыштардың түрлері Read More »

Шахмат ойнап үйренейік

Курс туралы Бұл жобада оқушылар шахмат ойнап үйренеді және шахмат пайда болу тарихи жайлы білетін болады. Қолжетімді материалдардан шахмат үстелін, фигураларын жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 5.1 Есептер және математикалық модель 4.2.5.1 комбинаторлық есептерді іріктеу әдісімен шешу

Шахмат ойнап үйренейік Read More »

Брайль шрифті

Курс туралы Бұл жобада оқушылар Брайль шрифтімен танысады. Брайль шрифтін, көру қабілеті бұзылған адамдар, кітап оқу және адамдармен қарым-қатынас жасау үшін қолданады. Брайль шрайфтін қолжетімді материалдардан жасайды. Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері Оқу мақсаттары 2.3 Адам Жүйке жүйесі

Брайль шрифті Read More »