experimentum.kz

Виртуалды жаратылыстану

Жылыжай эффекті

Мақсаты: Виртуалды эксперимент  Виртуалды имитация климаттың өзгеруінің әсерін емес, парниктік әсердің қозғаушы күштерін модельдейді. Модель парниктік эффекттің негізгі тұжырымдамасын бейнелейді. Сәулеленудің тек екі түрін көрсетеді – күн сәулесі (көрінетін) және инфрақызыл сәулелену, ал нақты парниктік газдар кірмейді.  Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген. Жұмыс барысы: 1-қадам. “Жылыжай эффектісі” виртуальды экспериментіне кіргенде сізде үш түрлі бөлім беріледі: толқындар, фотондар және қабат моделі. Сіз бұл жұмыста толқындар бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз.  Симуляцияны ашып, күн сәулесін іске қосыңыз.  2-қадам. Энергия балансы мен жазықтықтың температурасын көрсету батырмаларын іске қосыңыз. 3-қадам. Жазықтық термометр арқылы температура өзгерісін және энергия балансы арқылы күн сәулесі мен инфрақызыл сәуленің жерге кіріп, шығуының бақылаңыз. 4-қадам.  Парниктік газдардың концентрациясын көбейтіңіз. Парниктік газдар концентрациясының жоғарылауы инфрақызыл сәулеленуді сіңіру мүмкіндігін арттырады. Өзгерістерді бақылаңыз. 5-қадам. Парниктік газдардың концентрациясын азайтыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз. 6-қадам. “Парниктік газдардың концентрациясы” бөлімінің астыңғы жағында “күнтізбе” орналасқан. Батырманы басып,күнтізбені ашыңыз. Сізде ол жерде мұз дәуірі, 1750 ж, 1950 ж, 2020 ж уақыттары берілген.  7-қадам. 1750 ж кезіндегі парниктік эффекттің әсерін көре аласыз.  8-қадам. Күнтізбені мұз дәуіріне ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз. 9-қадам. Күнтізбені 1950 жылға ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз. 10-қадам. Күнтізбені 2020 жылға ауыстырыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз. Қорытынды Жазықтықтың температурасы мен парниктік газдар арасындағы байланыс сипатталды.  Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

Жылыжай эффекті Read More »

Газ күйінің қасиеттері

Мақсаты: Қысым, көлем және температураның біреуінің өзгерісі газдың басқа параметрлеріне әсер етуі Виртуалды эксперимент  Виртуалды симуляцияда газ бөлшектерінің қасиеттерін: көлемі өзгеруін, жылу әсерінен бөлшектердің қозғалысын көре аласыз. Бұл эксперимент газ бөлшектерінің қозғалысы симуляциясының жалғасы, одан ары газ қасиеттерін ашып түсіреді. Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.  Жұмыс барысы: 1-қадам. “Газ бөлшектерінің қасиеттері” виртуальды экспериментіне кірген уақытта сізде төрт түрлі бөлім беріледі: идеал газ, зерттеу, энергия және диффузия. Сіз бұл жұмыста идеал бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз.  2-қадам. Параметр көрсеткішінен енін белгілеу арқылы экранға шығарыңыз. Қорап ені 10 нанометр екенін көре аласыз. 3-қадам. Қорапқа бөлшектерді енгізу құралы арқылы бөлшектерді енгізіңіз. Олардың санын бөлшектер бөлімінен қарай аласыз. Және қораптың ішіндегі температура мен қысымның өзгерісін бақылай аласыз. 4-қадам. “Тұрақтыны” ештеңеден көлемге өзгертіңіз. Сол уақытта сізде көлем тұрақты болады. 5-қадам. Қыздыру немесе суыту арқылы температура мен қысымның өзгерісін бақылаңыз. 6-қадам. “Тұрақтыны” температуға өзгертіңіз, енді сізде басқа параметрлер өзгеріп жатқанда температура өзгеріссіз қалады. 7-қадам. Қорап көлемін кеңейтіп немесе сығып көріңіз. Көлемі сығылған уақытта қысымның артып, кеңейген уақытта азаятынын байқайсыз.  8-қадам. “Тұрақтыны” қысымға ауыстырыңыз.  9-қадам. Қыздыру немесе суыту арқылы температура мен көлемнің өзгерісін бақылаңыз. 10-қадам. “Тұрақтыны” қысымның келесі түріне ауыстырыңыз. Бұл жерде де сізде қысым тұрақты болады. 11-қадам. Сіз мұнда қораптың көлемін кеңейту немесе сығу арқылы температура мен көлемнің пропорционалды түрде артатынын немесе кемитінін көре аласыз. 12-қадам. Егер қажет деп тапсаңыз, симуляцияда көрсетілген басқа да параметрлерді пайдалану арқылы экспериментті қалауыңызша жалғастыра аласыз. 13-қадам. Тұрақтыларды өзгерткенде қорапта, бөлшектерде пайда болған өзгерістерді бақылап, қорытынды жасаңыз. Қорытынды Виртуалды эксперимент арқылы газ бөлшектерінде қысым, көлем және температураның өзара бір-біріне әсерінен пайда болатын өзгерістер көрсетілді. Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

Газ күйінің қасиеттері Read More »

Диффузия үдерісі

Мақсаты: Виртуалды эксперимент  Диффузиялық симулятор оқушыларға екі газдың қалай араласатынын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлардың диффузия жылдамдығына қалай әсер ететінін анықтау үшін концентрациямен, температурамен, массамен және радиуспен тәжірибе жасаңыз. Жүйенің тепе-теңдікке жеткенін анықтау үшін масса центрін және бөлшектер ағынының жылдамдығын пайдаланыңыз. Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген. Жұмыс барысы: 1-қадам. Деректер бөлімін ашыңыз. Қораптың екі бөлігіндегі бөлшектер санын және температураның мөлшерін қадағалай аласыз.  2-қадам. Эксперимент барысында керек болатын қосымша деректерді экран бетіне шығарыңыз:  3-қадам. Қорапқа бөлшектерді енгізіңіз. 4-қадам. Диффузия үдерісі жүруі үшін қорапты бөліп тұрған бөлгішті алып тастаңыз. Секундомерді қосыңыз. Қанша уақыт ішінде қорап ішінде бөлшектер біркелкі таралатынын бақылаңыз. 5-қадам. Тараптар арасындағы бөлшектер ағынын қорап астында орналасқан шкала арқылы бақылаңыз. 6-қадам. Енді бөлшектердің параметрлеріне әртүрлі мән беріп, диффузия үдерісін басынан жүргізіңіз. Қызыл сары түсті батырманы басу арқылы үдерісті басынан бастай аласыз.  7-қадам. Көк түсті бөлшектердің параметрін өз қалауыңыз бойынша өзгертіңіз.  8-қадам. Қызыл түсті бөлшектер үшін де параметр мәндерін көк түсті бөлшектерден басқаша етіп өзгертіңіз.  9-қадам. Диффузия үдерісі жүруі үшін қорапты бөліп тұрған бөлгішті алып тастаңыз. Секундомерді қосыңыз. Қанша уақыт ішінде қорап ішінде бөлшектер біркелкі таралатынын бақылаңыз. 10-қадам. Тараптар арасындағы бөлшектер ағынын қорап астында орналасқан шкала арқылы бақылаңыз. 11-қадам. Салыстыру және талдау: Қорытынды Симулятор әртүрлі газдар арасында диффузия үдерісі қалай жүретінін, оларға бөлшек параметрлерінің әсерін көрсетті.  Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

Диффузия үдерісі Read More »

Газ бөлшектерінің қозғалысы

Мақсаты: Виртуалды эксперимент Бұл виртуалды ьәжірибеде газ бөлшектерінің қозғалысын және сыртқы күштер әсер еткенде қалай өзгеретінін бақылайтын боласыз. Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген. Жұмыс барысы: 1-қадам. Виртуальды симуляция қосылғанда сізде екі бөлім беріледі: кіріспе және заңдар. Кіріспе бөлімін ашып, сонда жұмыс жасап бастайсыз. 2-қадам. Бөлшектер батырмасын басып, бөлшектер түрлерін ашыңыз. Бөлшектердің екі түрі берілген: ауыр және жеңіл.  3-қадам. Параметр көрсеткіштерін белгілеу арқылы экранға секундомер мен қабырғаға соқтығысу есептегішін шығарыңыз. Ені батырмасын басу арқылы қорап ені 10 нанометр екенін көре аласыз. 4-қадам. Температура мен қысым өлшем бірліктерін ауыстырыңыз. К-ды ºС-ге, atm – kPa айналдырыңыз. 5-қадам. Қорапқа бөлшектерді енгізу құралы арқылы бөлшектерді енгізіңіз. Көк түсті бөлшектердің салмағы ауыр. Олардың санын бөлшектер бөлімінен қарай аласыз. Және қораптың ішіндегі температура мен қысымның өзгерісін бақылай аласыз. 6-қадам. Қабырғаға соқтығысу есептегішін қосу арқылы 10 pc (пикосекунд) ішінде қабырғаға бөлшектердің соғылу санын көре аласыз. 7-қадам. Қорапты қыздырыңыз. Температура және қысым өзгерісін бақылаңыз. 8-қадам. Қабырғаға соқтығысу есептегішін қосу арқылы тағы да қабырғаға бөлшектердің соғылу санын есептеңіз. 9-қадам. Енді қорапты суытыңыз. Температура және қысым өзгерісін бақылаңыз. 10-қадам. Бөлшектердің қабырғаға соғылу санын қайта есептеп көріңіз. 11-қадам. Қорапты астыңғы жақта орналасқан босату батырмасы арқылы бөлшектерден босатыңыз. 12-қадам. Жеңіл (қызыл түсті) бөлшектерді таңдау арқылы жоғарыда көрсетілген қадамдарды қайталап көріңіз. 13-қадам. Ауыр және жеңіл бөлшектерді салыстырып көріңіз. Жеңіл бөлшектердің жылдамдығы ауыр бөлшектерге қарағанда тез екенін көре аласыз.  Қорытынды Виртуалды эксперимент арқылы газ бөлшектерінің қозғалысын және оған температураның әсерін бақылай алдыңыз. Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

Газ бөлшектерінің қозғалысы Read More »

Ерітіндінің pH ортасын сипаттау

Мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Виртуалды эксперимент Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.  Жұмыс барысы: 1-қадам. “Ерітіндінің pH ортасын сипаттау” виртуальды экспериментке кірген уақытта сізде үш түрлі бөлім беріледі: макро, микро және менің шешімім. Сіз бұл жұмыста макро бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз.  2-қадам. Ерітінді түрін таңдаңыз. (Мысалы, су) 3-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз. (рН=7) 4-қадам. Келесі ерітінді түрін таңдаңыз. 5-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз.  6-қадам. Ыдысқа ерітіндіден құйыңыз.  7-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен?  8-қадам. Ерітіндіге су құю арқылы сұйылтыңыз.  9-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен? 10-қадам. Басқа ерітінді түрлерін таңдап, жоғарыдағы қадамдарды қайталасаңыз болады. Қорытынды Виртуалды жұмысты жасау арқылы әр ерітіндінің өзіне тән рН ортасы болатыны анықталды.  Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

Ерітіндінің pH ортасын сипаттау Read More »

Powered by WordPress