experimentum.kz

Виртуалды физика

Ом заңы

Жоба тақырыбы: Ом заңы 7 сынып Жұмыс мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Практикалық бөлім Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция. Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Кернеуді өзгертіңіз. Ток күші қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз. 2-қадам. Кедергіні өзгертіңіз. Ток күші қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз. Қорытынды Ток күші кернеуге тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал. Глоссарий Current – Ток күші Voltage – Кернеу Resistance – Кедергі

Ом заңы Read More »

Өткізгіштегі кедергі

Жоба тақырыбы: Өткізгіштегі кедергі 8 сынып Жұмыс мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Практикалық бөлім Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция. Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Меншікті кедергіні өзгертіңіз.Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз. 2-қадам. Меншікті кедергі артқан сайын сымда көбірек нүктелер пайда болатынына назар аударыңыз. Бұл электрондар соқтығысатын иондар, олар артқан сайын кедергі артады. 3-қадам. Сым ұзындығын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз. 4-қадам. Сымның көлденең қимасының ауданын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз. Қорытынды Кедергі сымның меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал және сымның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал. Глоссарий Resistance – Кедергі Resistivity – Меншікті кедергі Length – Ұзындығы Area – Көлденең қимасының ауданы

Өткізгіштегі кедергі Read More »

Серіппенің потенциалдық энергиясы

Жоба тақырыбы: Серіппенің потенциалдық энергиясы 9 сынып Жұмыс мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Практикалық бөлім Виртуалды эксперименты бастау үшін “Energy” батырмасын басыңыз. Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция. 1-бөлім. Потенциалдық энергияның серіппенің қатаңдығына тәуелділік Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Серіппенің ұзаруын өзгерту арқылы оны созыңыз немесе қысыңыз. 2-қадам. Серіппенің қатаңдығын өзгертіңіз. Потенциалды энергия қалай өзгереді? 3-қадам. Қорытынды жасаңыз. 2-бөлім. Потенциалдық энергияның серіппенің ұзаруына тәуелділік Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Серіппенің ұзаруын өзгерту арқылы оны созыңыз немесе қысыңыз. Энергияның қалай өзгеретінін қараңыз. 2-қадам. Энергия графигіне ауысыңыз. Потенциалды энергия ұзаруға қалай тәуелді? Ұзару өскен сайын энергия квадраттық түрде өседі. Демек потенциалды энергияның ұзаруына тәуелділігі квадратты. 3-бөлім. Потенциалдық энергияны есептеу Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Күш графигіне ауысыңыз. 2-қадам. Көк түске боялған аумақты есептеңіз. Бұл тікбұрышты үшбұрыш, табандарын бір-біріне көбейтіп, екіге бөл. Бұл серіппенің потенциалдық энергиясын береді. Қорытынды Серіппенің потенциалдық энергиясы ұзаруға квадраттық және серіппе қатаңдығына сызықтық тәуелділікке ие. Потенциалды энергия серіппенің қатаңдығы артқан сайын артады, серіппенің қатаңдығына тура пропорционал. Глоссарий Applied force – Қолданылатын күш Spring force – Серпімділік күші Displacement – Орын ауыстыру Equilibrium position – Тепе теңдік орны Values – Сандық мәндер Spring constant – Серіппенің қатаңдығы Bar graph – Гистограмма Energy plot – Энергия графигі  Force plot – Күш графигі Energy – Энергия Potential energy – Потенциалдық энергия

Серіппенің потенциалдық энергиясы Read More »

Серіппелер жүйесі

Жоба тақырыбы: Серіппелер жүйесі 7 сынып Жұмыс мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Практикалық бөлім Виртуалды экспериментты бастау үшін “Systems” батырмасын басыңыз. Виртуалды лабораторияға қысқаша инструкция. 1-бөлім: Параллель жалғау 1-қадам. Параллель жалғанған 2 серіппе алып, күш салыңыз. 2-қадам. Екі серіппенің ұзартулары бірдей екеніне көз жеткізіңіз. 3-қадам. Бір серіппенің қатаңдығын өзгертіңіз. Әр серіппенің серпімділік күші әртүрлі екенін ескеріңіз, өйткені серіппе қатаңдығы әртүрлі. 4-қадам. Жүйенің толық серпімділік күші әрбір серіппенің серпімділік күштерінің қосындысына тең екенін ескеріңіз. 5-қадам. Егер сіз Гук заңын және жоғарыда келтірілген мәлімдемелерді қолдансаңыз, сіз жалпы қатаңдық әр серіппенің қатаңдықтарының қосындысына тең екенің көре аласыз. 2-бөлім. Тізбектей жалғау 1-қадам. Тізбектей жалғанған 2 серіппе алып, күш салыңыз. 2-қадам. Бір серіппенің қатаңдығын өзгертіңіз. Тізбектей қосылымның ұзарулары әртүрлі, бірақ екі серіппенің серпімділік күштері бірдей екенін ескеріңіз. 3-қадам. Жүйенің толық серпімділік күші әр серіппенің серпімділік күшімен бірдей, олар да бірдей. 4-қадам. Жүйенің жалпы қатаңдығын анықтау үшін Гук заңын және жоғарыдағы мәлімдемелерді пайдаланыңыз. Бір бөлінген серіппенің жалпы қатаңдығы бір бөлінген серіппенің қатаңдығының қосындыларына тең. Қорытынды Параллельді қосу кезінде серіппелі жүйенің жалпы қатаңдығы әрбір серіппенің қатаңдығының қосындысына тең. Тізбекті қосылымда бір бөлінген серіппенің жалпы қатаңдығы бір бөлінген серіппенің қатаңдығының қосындыларына тең. Глоссарий Applied force – Қолданылатын күш Spring force – Серпімділік күші Total – Жалпы күш Components – Күш компоненттері Displacement – Орын ауыстыру Equilibrium position – Тепе теңдік орны Values – Сандық мәндер Top spring – Жоғырғы серіппе Bottom spring – Астыңғы серіппе

Серіппелер жүйесі Read More »

Гук заңы

Жоба тақырыбы: Гук заңы 7 сынып Жұмыс мақсаты: Күтілетін нәтижелер: Практикалық бөлім Виртуалды эксперимент жасау үшін “Intro” таңдаңыз. Виртуалды зертхана осылай көрінеді. 1-бөлім. Гук заңын дәлелдеу Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Серіппеге күш салыңыз. Серіппе белгілі бір дәрежеде созылады. 2-қадам. Салынған күшті арттырып серіппенің ұзаруы артқанын тексеріңіз. 3-қадам. Алдыңғы қадамды қайталаңыз. 4-қадам. Енді күшті қарсы бағытта қолданып көріңіз, серіппені қысылады. Егер сіз күшті арттырсаңыз, серіппенің қысылуы артады ма? Қорытынды жасаңыз. 2-бөлім. Серпімділік күшінің серіппенің қатаңдығына тәуелділігі Виртуалды эксперимент. 1-қадам. Қатаңдықтары әртүрлі екі серіппені таңдаңыз. 2-қадам. Оларға тең күштер түсіріп, ұзартуларды салыстыр. 3-қадам. Қатаңдығы жоғары серіппеге көбірек күш салыңыз. Екі серіппелердің ұзарулары тең болмағанша, серіппеге салынған күшті арттыра беріңіз. Қорытынды жасаңыз. Қорытынды Гук заңы дәлелденді, серпімділік күші серіппенің созылуы мен қатаңдығына тура пропорционал. Глоссарий Applied force – Қолданылатын күш Spring force – Серпімділік күші Displacement – Орын ауыстыру Equilibrium position – Тепе теңдік орны Values – Сандық мәндер Spring constant – Серіппенің қатаңдығы

Гук заңы Read More »

Powered by WordPress